aslund58_Natalia FedosenkoTASS via Getty Images_belarusminsktractorworksprotest Natalia Fedosenko/TASS via Getty Images

Беларусьтегі экономикалық фактор

СТОКГОЛЬМ – 9 тамызда өткен сайлаудан кейін Беларусь президенті Александр Лукашенконың авторитарлы билігі келмеске кетуі мүмкін. Елде жаппай наразылық өршіп, ең маңызды  секторлардағы жұмысшылар көтеріліске шығып жатыр. Бір қызығы - егер Лукашенке биліктен кетсе, Беларусьтің толыққанды нарықтық экономика қалыптастыру мүмкіндігі өте жоғары болады.

Лукашенконың кезінде Беларусь экономикасы мемлекет үстем ететін Кеңес Одағы экономикасы типтес еді және 2012 жылдан бері тұралап қалды. 1994 жылдан бастап билікте жүрген Лукашенко президенттікте ұзағынан қалу, отбасы мен жақын достарын байытудан басқа ештеңеге басын қатырған емес. Мемлекеттік сектор тұтас экономиканың ¾ бөлігін  қамтиды, ал жалпы елдегі экономика көп жағдайда ауыр өнеркәсіпке тәуелді, тек санаулы ірі мемлекеттік кәсіпорын ғана бар. Ең маңызды бес кәсіпорын: «Беларуськалий» компаниясы, екі ірі мұнай өңдеу зауыты, Минск трактор зауыты және Минск автокөлік зауыты – барлығы субсидияланады, сондай-ақ тиімсіз болып есептеледі. Елде экономиканы реттеу қатаң түрде жүзеге асырылады.

Беларусь экономикасы бұрынғыдай Ресейге тәуелді. Сапасы төмен өндірістік өнімдері Батыста бәсекеге түсуге қабілеті жетпейді, сондықтан ол тауарларды Ресей сатып алады; ал Ресейге батыс калий тыңайтқыштары мен өңделген мұнай сатылады. Бертінге дейін Ресей Беларусь экономикасын құны оның ЖІӨ 10%-на татитын арзан энергиямен қамтамасыз ету арқылы субсидиялап келді. Алайда соңғы жылдары қос тараптың қарым-қатынасы шиеленіскен соң Кремль Лукашенко режиміне қысым көрсету үшін субсидиялардың барлығын шектеді.

https://prosyn.org/iakdNYlkk