Average USD market price across major bitcoin exchanges blockchain.info

Крипто ақымақтардың алтыны ма?

КЕМБРИДЖ – Биткоин атты криптовалюта бүгінгі әлемдегі ең үлкен көпіршік пе, әлде жаңа ғасырдағы қаржылық технологияға салынатын керемет инвестиция ма? Менің ойымша, ұзақ мерзімді перспективада бұл технология өркендей түседі, бірақ биткоин бағасы құлдырайды.

Егер сіз биткоинға қатысты жаңалықтардан хабардар болмасаңыз, онда мына ақпарат сіз үшін - соңғы 12 айда оның бағасы 600% -ға, ал соңғы 24 айда - 1600% -ға өсті.  Қазанның бесіндегі мәлімет бойынша, бұл виртуалды валютаның бір бірлігі 4200 доллардан астам тұрады, яғни алтынның унциясынан үш есе қымбат. Кейбір биткоин апологеттері алдағы бірнеше жылда оның бағасы әлдеқайда жоғары болады деп болжайды.

Осыдан кейінгі оқиғалар негізі үкіметтің әрекеттеріне байланысты болады. Олар салық төлеуден жалтаруға және қылмыс жасауға көмектесетін анонимді төлем жүйелеріне төзімді бола ма? Олар өздерінің сандық валюталарын шығаратын бола ма? Тағы бір маңызды мәселе биткоинның «альт-коин» атты көптеген бәсекелестерінің қаншалықты нарыққа сәтті енуіне байланысты.

https://prosyn.org/1l4Bi3Ekk