Research and development Gallo Images/Getty Images

«ҒЗ»-дан «ТҚТ» қарай ең жақсы жол

БЕЛВЬЮ, ВАШИНГТОН – бизнес көшбасшылары өз салаларындағы инновациялар туралы талқылау үшін жиналғанда, олар, әдетте, негізгі зерттеулерге бөлінген мемлекеттік қаржыландыруды жақсарту, немесе технологиялар тораптары және инкубаторларлы құру туралы сөйлеседі. Бірақ мұндай талқылауларда «инновацияның» шешуші элементі болып табылатын соңғы өнім жиі жоқ болады.

Бұны тақырыпты елемеу деп санауға болмайды. Керісінше, соңғы өнім туралы ойламау әрбір дерлік саладағы түрлі көлемді бизнес алдында тұрған әлдеқайда ауыр мәселенің симптомы болып табылады. Идеялар мен коммерцияландыру арасындағы қаржылық байланыс бұзылғандықтын, өнімдерді дамыту инновациялық стратегияларда артқы орын алады.

Экономиканың өркендеуі үшін, жақсы идеялардың нарыққа шығарылуына серпін қажет. Инновациялық өнімдер өмірімізді сау, неғұрлым тиімді, және қызықты етеді емес пе. Бірақ қазіргі заманғы ғылыми зерттеулерге сәйкес, ҒЗТҚТ қысқармасында (ғылыми-зерттеулер мен төжірибелік-құрастырымдылық талдамалар)  ТҚТ, яғни төжірибелік-құрастырымдылық талдамалар ҒЗ, ғылыми-зерттеулердің қарқынды дамуымен ілесе алмай жатыр.

https://prosyn.org/XKjynKOkk