pei62_asiandelightGetty Images_USchinaflagfight asiandelight/Getty Images

COVID-19 індеті АҚШ-Қытай қарым-қатынасына нүкте қоюы мүмкін

КЛЕРМОНТ, КАЛИФОРНИЯ – 217 000 адамның өмірін жалмап, әлем экономикасын Ұлы депрессия кезінен бергі ең жойқын құлдырауға ұшыратқан COVID-19 кесірінен болған дағдарыс ендігі кезекте геосаясатты да өзгертуде. Пандемия өткен соң әлемдік тәртіп қалай орнығарын дөп басып айту қиын, дегенмен  әлден түсінікті анық бір жайт бар: АҚШ пен Қытай арасындағы салқын қарым-қатынас қалпына келмейді, бұл екі ел бір-бірінен одан әрі алшақтай түсіп, өзара жауласу өршуі мүмкін.

Дағдарысқа дейін де АҚШ-Қытай арасы мәз емес еді. Ал коронавирус індеті екі ел арасындағы байланысты мүлдем тұйыққа тіреді. Қытай жергілікті билігінің жаңа коронавирус туралы ақпаратты әуел бастан жасырын ұстауы, сондай-ақ, аяқ астынан Қытайда жалпыұлттық карантиннің енгізілуі салдарынан туындаған жаһандық өндіріс желісіндегі қиындықтар көптеген америкалықтарға АҚШ пен Қытай қарым-қатынасы қалыптастырған осалдықтың екі қайнар көзін ашып көрсетті.

Біріншісі – Қытайдың репрессивті саяси жүйесі. Ұзақ уақыт бойы америкалықтар Қытаймен арадағы идологиялық кикілжің туралы хабардар еді, бірақ көбі мұны абстракция ретінде қабылдайтын. Синьцзяндағы мыңдаған ұйғырлар мен басқа да мұсылмандарды күштеп ұстау, тибеттіктерге қысым көрсетіп, репрессиялау және саяси диссиденттерді қудалау туралы ақпараттар жан түршігерлік көрінгенімен, барлығы алыс мемлекетте орын алып жатты. Көпшілігі үшін аталған жайттар АҚШ жүйесінің үстемдігінің дәлелі ғана болды.

https://prosyn.org/zwjs3jKkk