guriev_ Mikhail JaparidzeTASS via Getty Images_russia ruble Mikhail Japaridse/TASS via Getty Images

Путиннің тұралаған экономикасы

ПАРИЖ – Кейінгі апталарда макроэкономикалық болжам жасаушылар 2020 және 2021 жылдарға арналған ғаламдық жаңа, оптимистік болжам ұсынды. Әлемнің көп бөлігінде пандемияның екінші толқыны басталып, коронавирустан көз жұмған науқастар саны артып келе жатқанын ескерсек, бұл болжамның орнын жақында қорқынышты деректер басатынға ұқсайды. Бірақ экономикасы пандемияға дейін де  ұзақ уақыт стагнацияда болған Ресей сияқты елдерге қазіргі оптимистік болжамдардың өзі үміт сыйламайды.

30 қыркүйекте Ресейдің экономика министрлігі салыстырмалы түрде оптимистік болжам жариялады: оған сәйкес, 2020 жылы елдің жалпы ішкі өнімі 3.9% қысқарып, 2021-23 жылдары орташа жылдық өсім 3.2% құрайды. Бірақ министрлікте шектен тыс оптимизм тәжірибесі барын ескеру керек.

Ресейдің бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудрин басқаратын есептік палата экономика министрлігінің болжамын сынға алды. Есептік палатаның болжамына сәйкес, 2020 жылы жалпы ішкі өнім 4.5% қысқарып, 2021-23 жылдары орташа жылдық өсім небәрі 2-2.2% шамасында болады. Бұл деректер Халықаралық валюта қорының Ресейдің жалпы ішкі өнімі 2020 жылы 4.1% азайып, 2021-23 жылдары 2.4% өседі (2025 жылға қарай 1.8% дейін түседі) деген болжамына сәйкес келеді.

https://prosyn.org/2PYLsVSkk