kornbluh1_GettyImages_digitalbinarycodelock Getty Images

Интернетті қалай реттеуге болады?

ВАШИНГТОН – Осы күні АҚШ-та оңшылдар мен солшылдарды біріктіретін бір ғана сөз бар, ол – “techlash”. Цифрлық платформаларды федералдық деңгейде реттейтін кез келді дегенмен жұрттың бәрі келіседі. Мәселе оның қалай жүзеге асатынында болып тұр.

Өкілдер палатасының спикері, Демократиялық партияның федералдық деңгейдегі ең жоғары лауазымды қызметкері Нэнси Пелоси технологиясы дамыған Сан-Францискоға қаратып цифрлық компаниялардың “өзін өзі реттейтін кезеңі” артта қалғанын мәлімдеді. Президент Дональд Трамп жақында Ақ үйде әлеуметтік медиа бойынша саммит өткізді, онда Миссури штатынан Республикалық партиядан сайланған сенатор Джош Хоули “саяси тұрғыдан біржақты” модерацияға жол берген платформаларды тиіспеушілігін айыруды көздейдін заң жобасын ұсынды.

Саясаткерлер халықтың цифрлық платформаларға қарсы жаушылдығын арттырып отыр. Pew зерттеу oрталығының дерегіне сәйкес, америкалықтар ауыр қылмысқа қарағанда жалған ақпаратты қауіптірек санайды. Еуропадағы әріптестерімен салыстырғанда АҚШ саясаткерлері бұл саланы реттеуден бас тартып келді, олардың айтуынша, технология реттеуге келмейтіндей тым күрделі, бұған қоса тиімді реттеу шаралары үкіметтің цензурасына алып келуі мүмкін. Федералдық сауда комиссиясы (FTC) мен Әділет департаменті (DOJ) Facebook, Amazon, Google және Apple компанияларына қарсы антимонополиялық тергеу бастады, Өкілдер палатасының монополияға қарсы комитеті де осындай тергеу жүргізіп жатыр. Бірақ қазіргі заңдар негізінде антимонополиялық істі алға жылжыту не оны жеңу өте қиын. Оның үстіне, тиісті реттеу мен бақылау болмайынша, тек монополияға қарсы шаралар демократия дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті шарт – ақпараттың еркін таралуына қауіп төндіретін олқылықтардың орнын толтыра алмайды.

https://prosyn.org/3szHFtAkk