malta journalist murder memorial TOLGA AKMEN/AFP/Getty Images

Жаһандану қалай анамызды ажал құштырды?

ЛОНДОН – Сорымызға қарай, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлыққа жол ашатын дүниежүзілік желі - әлемдегі ең тұрақты құбылыс. Сондықтан да ол әлемнің ең қасіретті кемшіліктерінің бірі. Қылмыстың өнімдері мен табыстары шекаралардан байқатпастан өтіп жатқанда әділет пен құқық қорғау өз мемлекеттік шекараларының аясында шектеліп, үнемі жапа шегіп, құрсауда қалып келеді. Ал мұны қазбалауға тырысқан журналистер қудаланып, қамалып, өлтіріліп жатыр.

Жаһанданған қылмыс пен жемқорық біздің еркіндігіміз бен қауіпсіздігімізді келемеж етіп жатыр, ал олардың жолында мерт болған журналистер мұндайларға қалай жауап беру керектігі бойынша үлкен сабақ берді. Бұл - тек журналистикаға ғана емес, құқық қорғау саласына және біз өмір сүргіміз келетін қоғамға да қатысты сабақ.

Сол журналистердің бірі - біздің анамыз Дафне Каруана Галиция болатын. Ол Мальта экономика министрінің шешімімен бұғатталып қалған банктегі есеп-шотын ашқызуға кетіп бара жатқанда, 2017 жылғы  16 қазанда көлік жүргізушісінің орындығының астына қойылған бомба жарылып, қаза тапты. Бұл – репортаждары үшін оған жасалған ақырғы шабуыл, дегенмен ол әшкерелеп жүрген Мальтадағы заңбұзушылықтардың соңғысы емес.

https://prosyn.org/VoFX8bokk