willems4_YASINAKGULAFPGettyImages_candlevigilwithkhashoggiposter Yasin Akgul/AFP/Getty Images

Журналистерге қарсы қылмыс жазасыз қалмауы тиіс

АМСТЕРДАМ – Өз үкіметін сынағаны үшін шетелде тұрып жатқан саудиялық журналист Жамал Хашоггидің Стамбұлдағы Сауд Арабиясында азаптап өлтіріліп, денесін бөлшектеп тастаған жантүршіктірерлік оқиғадан бері тоғыз айдан астам уақыт өтті. Саудиялықтар Хашоггидің тағдырына қатысты шындықты ашудан қашқақтаған соң Түркия өз тергеуін бастаған. Көп жұрт болжағанындай, бұдан ештеңе шықпады.

Түркияны баспасөз бостандығының сенімді қорғаушысы деп атау қиын. 2018 жылы 80-нен аса журналист қызметіне бола ұзақ мерзімге түрмеге қамалған не айыппұл арқалаған. Түркия үкіметінің Хашогги өліміне қатысты буырқануы дипломатиялық пайда көру мақсатындағы әсірелеу десек те, Түркияның сот жүйесі істі тергеу бойынша халықаралық міндеттемелерін орындап шықты.

Ал Сауд Арабиясы бұл тұрғыда өз міндеттемелеріне мүлде пысқырмай отыр. Халықаралық қысымнан кейін корольдік 11 күдіктіге қатысты тыңдау өткізді. БҰҰ-ның сотсыз, жалпылама және өз бетімен жазалау бойынша уәкілі Агнес Калламардтың айтуынша, бұл жабық есік жағдайында өткен жасырын тыңдау әділдік орнатуға емес, елдің абыройын сақтауға ғана бағытталған.

https://prosyn.org/w61ApFskk