acemoglu19_ADEM ALTANAFP via Getty Images_erdoganmoneyeconomy Adem Altan/AFP via Getty Images

Ұлы қарыздан арылу процесі

БОСТОН – Covid-19 дағдарысымен күресуге ауқымды бюджет кеңістігіне қажеттілік артқан уақытта дамушы елдердің сыртқы несиегерлерге қарызы 7,5 триллион долларға жетіп, осы қарызға қызмет көрсету құны күн өткен сайын ауыртпалық түсіріп отыр. Қарыздың біршама бөлігін кешіруге байланысты аргумент жетерлік, дегенмен кейбір саяси тұлғалар бұл шешімге қарсы. Олардың ойынша, мұндай шешім аталған елдердің халықаралық нарықтағы орынын шектеп, сол арқылы экономикалық өсу қарқыны мен инвестиция көлемі төмендейді.

Шын мәнісінде бұл көзқарасқа негіз болар дәлел аз. Халықаралық қаржы ағымы экономика мен инвестицияның өсіміне айтарлықтай  әсер етпейді, керісінше дамушы елдер нарығында волотильді күйдің сақталуына алып келеді. Алайда ғылым мен саясат төңірегінде халықаралық қаржы дамушы елдерге нәтижелі институт құруға, мысалы, банк жүйесі мен қор нарығын дамытуға мүмкіндік береді деген тұжырым бар. Қарызды кешіру идеясына келсіпеушілердің айтар тағы бір уәжі бойынша, дамушы елдерге  халықаралық облигация нарығына кепілдік беретін «дисциплина» керек. Себебі, капиталдан айырылу қаупі авторитарлы және  популистік басшылардың теріс әрекетін тоқтатуға мәжбүр етеді.

Сондықтан, Еуропадағы қарыз дағдарысы кезінде Грецияның несие тарихы бұзылмас үшін гектерге шетелдік банктердің алдында дефолт жарияламау туралы жиі айтылған. Грек сайлаушылары ресми үш несиегер (Еурокомиссия, Еуропа Орталық банкі, Халықаралық валюта қоры) ұсынған шарттан бас тартқанымен, ел үкіметінің сол қанаты олармен келісім жасасты. Сол кезде көптеген саясаткерлер нарық тәртібі жұмыс істейді деп қорытындылады.

https://prosyn.org/KlpKzEbkk