A man accused of the attack on a journalist in Russia Mikhail Pochuyev/Getty Images

Журналистердің тағдыры жайлы ашық айтатын кез келді

АМСТЕРДАМ – Әлемнің бір түкпірінде орта есеппен әр бес күн сайын бір журналист кәсібіне бола кісі қолынан қаза табады. Он қазаның тоғызында ешкім жазаланбайды, бұл қылмыскерлерді одан сайын еркінсініп жібереді, олар қорқытумен, ұрып-соғумен шектелмеуге болатынын түсінеді. Бұрын-соңды қазіргідей көп журналист түрмеге қамалған емес. Оның үстіне, кәсіби қызметін атқарып жүрген журналистер көп қысым, қағажу көреді. Бұл күні журналистика әлемдегі ең қауіпті мамандыққа айналған.

Бұл проблемаларды шешудің бір жолы – ол туралы сөз ету. Соңғы кезде болған үш оқиға журналистің ақпарат берерде қандай қатерге баратынын анық көрсетеді, біз олардың басындағы ахуалды жазсақ қана оң өзгеріске жол ашуға болады.

Филиппинде орналасқан Rappler.com ақпараттық желісінің атқарушы директоры Мария Рессаны мысалға алайық. 2012 жылы құрылғаннан бастап ол президент Родриго Дутертенің «есірткімен күрес» науқаны аясындағы соттың шешімінсіз кісі өлтіру оқиғалары туралы мағлұмат беретін құнды ақпарат көзіне айналды. Белсенді жұмысы үшін Рессаны соңғы бір айдың ішінде 80 мәрте өлтіреміз деп қорқытқан. Қорқытқандардың көбі – президентке жақын адамдардың IP мекен-жайларынан хат жазған аноним блогшылар.

https://prosyn.org/hFs1YKCkk