tyson90_Alexander PohlNurPhoto via Getty Images_equalpaygenderequalityprotest Alexander Pohl/NurPhoto via Getty Images

Әйелдердің экономикалық ахуалы қандай

БЕРКЛИ – 2008 жылғы үлкен рецензия мен одан кейін ұзақ уақытқа созылған экономиканы қалпына келтіру мерзіміне қарамастан XXI ғасырдың алғашқы он жылдығында көптеген дамыған елдердің экономикасы айтарлықтай ілгері жылжыды. 2000-2018 жылдар аралығында ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) құрамындағы елдерде жан басына шаққандағы ЖІӨ бір жылда 1,15%-ға артты; жұмыспен қамту деңгейі үнемі жоғарылап отырған, кейбір елдерде тіпті рекордтық деңгейге жеткен.

Бірақ бұндай өсіп-өркендеу барлық жерде бірдей болмады. 1995-2000 жылдармен салыстырғанда аталған уақытта шынайы орташа жалақы мөлшері баяу көтерілсе, шынайы медиандық жалақы мөлшері одан да баяу өскен. Жұмыс орындары тұрақсызданып, (салық және жәрдемақы төленгеннен кейін де) кедейлік деңгейі артты. Еңбекпен қамту және жалақы көлемі бойынша гендерлік теңсіздік сәл бәсеңдегенімен, сақталып қалды. Әйелдер қауымы жұмысшы, тұтынушы, қор жинақтаушы ретінде әр түрлі проблемалармен бетпе-бет келді.   

Әйел жұмысшылар туралы деректерге көз жүгіртіп көріңіз. (COVID-19 дағдарысына дейін) 2020 жылдың басында 22 дамыған елдегі тұтас жұмыспен қамту көрсеткіші ең жоғарғы рекордтық деңгейде еді. 2000 жылмен салыстырғанда 2018 жылы 45 млн-нан аса жұмыс орыны болған және әйелдер сол жұмыстың 2/3 иеленген. ЭЫДҰ елдерінің барлығында әйел адамдардың еңбек нарығына қатысу деңгейі артты (тек Норвегиядағы көрсеткіш орташадан жоғары,  ал АҚШ-та 2000 жылғы 60% -дан 2018 жылы 57% -ға дейін төмендеген). Еуропа мен АҚШ-тағы әйел адамдардың жұмыспен қамтылу тенденциясын салыстырсақ: Еуропаның жаңа туған балаға байланысты ана мен әкеге бірдей ақылы еңбек демалысын беру саясаты әйелдердің жұмыс күшін одан сайын ұлғайтты; ал АҚШ-тың біраз штаттарында осындай заңның жоқтығынан әйел адамдардың жұмыс істеуде басымдылық көрсетуі тежеліп қалды.

To continue reading, register now.

As a registered user, you can enjoy more PS content every month – for free.

Register

or

Subscribe now for unlimited access to everything PS has to offer.

https://prosyn.org/LSOzrZokk