pei74_XinhuaHuang Jingwen via Getty Images_biden xi - Copy Xinhua/Huang Jingwen via Getty Images

Джо Байден, Си Цзиньпин және ынтымақтастық эволюциясы

КЛЕРМОНТ, КАЛИФОРНИЯ – АҚШ президенті Джо Байден, Қытай президенті Си Цзиньпин және олардың сыртқа саясат кеңесшілері Роберт Аксельродтың The Evolution of Cooperation («Ынтымақтастық эволюциясы») деп аталатын халықаралық қатынастар туралы классикалық кітабын оқыды ма, жоқ па нақты білмеймін. Дегенмен екі держава басшыларының Аксельродтың негізгі идеясына, яғни, мемлекеттердің өзара ынтымақтастық орнатудан пайда тауып, алдағанды жазалау туралы Аксельродтың негізгі идеясына  құлақ асуы керек.

Көптеген зерттеу жүргізген Мичиган университетінің профессоры (қазіргі уақытта зейнетте) Аксельрод ұлттық мемлекет сияқты ойыншыға  ұзақ мерзімді стратегия - әуелі ынтымақтастық,  кейін «қанға қан» принципі бойынша әрекет ету екендігін анықтаған. Басқаша айтсақ, егер адал ниет ишарасын білдірсе, мемлекет  келешекте үлкен пайдаға кенеледі және қарсыласының әр келесі қадамына өзі сияқты жауап беріп отырады.

Бұл ұстаным қазіргі таңда күрделене түскен АҚШ-Қытай қарым-қатынасына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Байден де, Си Цзиньпин де өз елдерінің ашық геосаяси бәсекеге түскенін жақсы біледі; бірақ  қарумен жарысқа түсу немесе тікелей әскери қақтығыс сияқты ықтимал апаттардың алдын-алу мақсатында арадағы бәсекелестік сақтап қалғысы келеді.

https://prosyn.org/bC8KqFykk