vestager1_yucelyilmaz_getty Images_digital innovation yucelyilmaz/Getty Images

Еуропадағы цифрлық онжылдық неге маңызды?

БРЮССЕЛЬ – Осы аптада Еуропалық комиссия Еуропадағы «цифрлық онжылдыққа» қатысты көзқарасын таныстырды. 2030 жылға дейін дағдылар, инфрақұрылым және мүмкіндіктер, мемлекеттік қызметтер мен бизнесті цифрландыру сияқты төрт мәселеге негізделген саяси мақсаттар қойған Еуропа одағы қазіргі цифрлық революцияның алдыңғы қатарында болуды жоспарлап отыр.

Технологиялар азаматтар мен кәсіпорындарға гүлденген инклюзивті қоғам құруға көмектесуі үшін бізге ашық әрі бәсекеге қабілетті нарық қажет. Кәсіпорындар көлеміне қарамастан, инновациялар енгізу және тұтынушыларға тауарлар мен қызметтер ұсынуда тең мүмкіндіктерге ие болуы керек.

Цифрландыру кең мағынасында экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық қалыптастырып, ғаламдық әсер етудің кілті саналады. Біздің ортақ болашағымыз цифрлық кеңістікте құрылып жатыр. Технологиялық басымдыққа ие болу жолында геосаяси бәсеке жүріп жатқан әлемде Еуропа одағының ашықтық, заң үстемдігі мен негізгі бостандықтарға негізделген цифрландыруға қатысты көзқарасы цифрлық технологияларды азаматтарды аңдып, қудалау үшін пайдаланатын авторитар жүйелермен салыстырғанда әлдеқайда құнды екеніне көз жеткізуіміз керек.

https://prosyn.org/W2fSdMpkk