pei64_Willie SiauSOPA ImagesLightRocket via Getty Images_hong kong protest Willie Siau/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Гонконгтағы қақтығыстың жалғасы қандай болмақ

КЛЕРМОНТ, КАЛИФОРНИЯ – Қытайдың жаңа қауіпсіздік туралы заң қабылдау арқылы Гонконгты құрту туралы шешімі бүкіл әлемді дүрліктірді. Бірақ өткен қарашада Қытай коммунистік партиясы орталық комитетінің резолюциясын оқығандар бұл жағдайды тосын дүние ретінде қабылдаған жоқ. Аталған құжаттың Гонконгке қатысты бөлімінде ҚКП Британияның бұрынғы колониясын толық бақылауға алуға ниетті екенін мәлімдеген. Ұлттық қауіпсіздік туралы қатал заң қабылдап, оны жүзеге асырудың әлі де нақтыланбаған жаңа механизмін қалыптастыру ауқымды әрі жан-жақты қамтылған стратегияның екі құрамдас бөлігі ғана болар еді.

Қытай осы стратегияны жүзеге асыруға шындап кіріскен уақытта өткен жылдың қараша айында жариялаған қосымша шараларды да орындайтынын күткен дұрыс. Гонконгтың заң шығарушы органын ұлттық қауіпсіздік туралы заң қабылдау арқылы алдын орағысы келген ҚКП ендігі кезекте қала әкімшілігі мен билік өкілдерін тағайындау процесін өзгертпекші. Ол Гонконг құқық қорғау органдарының әлеуетін арттырып, Гонконг азаматтық қызметкерлері мен жастарының арасында «ұлттық сана мен патриоттық рухты» дағдыландыруға бағытталған компания құрмақ. Басты мақсат – қала мен құрлық экономикасын интеграциялау. Қауіпсіздік туралы заң төңірегіндегі қорқыныш аз болғандай, келешекте бұдан сорақы ахуал төнбек.

Қандай жағдай болмасын қауіпсіздік туралы заңды қабылдау 1997 жылы Қытайға қайтарылған уақыттан бері сақталып келе жатқан "бір ел, екі жүйе" басқару принципіне нүкте қояры сөзсіз. Бүкілқытайлық халық өкілдері жиыны комитеті төрағасының орынбасарының сөзіне сәйкес, ұсынылып отырған заңның 4-бабы Гонконгта «Орталық үкіметтің уәкілетті ұлттық қауіпсіздік органдары » тұрақты операвтивтік құруға өкілеттік береді.

We hope you're enjoying Project Syndicate.

To continue reading, subscribe now.

Subscribe

or

Register for FREE to access two premium articles per month.

Register

https://prosyn.org/fHlpbg1kk