

From semiconductors to electric vehicles, governments are identifying the strategic industries of the future and intervening to support them – abandoning decades of neoliberal orthodoxy in the process. Are industrial policies the key to tackling twenty-first-century economic challenges or a recipe for market distortions and lower efficiency?
НЬЮ-ЙОРК – Осы аптада әлемдегі қаржы саласының көшбасшылары Вашингтонда Дүниежүзілік банк тобы мен Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы көктемгі кездесуіне жиналады. Бұл жолы олар әлемнің салық төлеушілерінен жаһандық инфрақұрылым олқылықтарының орнын толтыру үшін Дүниежүзілік банк пен басқа да көпжақты даму банктеріне көбірек қаржы бөлуді сұрамақ.
Капиталды ұлғайту және бар капиталды тиімді пайдалану – көпжақты даму банктері үшін ең маңызды мәселе. Бірақ бұл қаржы әлемнің экономикасын БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары мен 2015 жылғы Париж Климат келісімінің талаптарына қарай бағыттауға пайдаланылса ғана бұл жұмыстың мәнісі болмақ.
Брукингс институты зерттеушілерінің айтуынша, жаһандық жылынуды өнеркәсіп кезеңіне дейінгі деңгеймен салыстырғанда 2 градус төмен қалыпта ұстайтындай тұрақты инфрақұрылымға жер шары жыл сайын қосымша 3 триллион доллар салып отыруы керек. Тұрақты даму мақсаттары мен Париж келісімінде осы меже көрсетілген. Ал қазіргі инфрақұрылым керісінше, жаһандық жылынуды одан сайын тездетіп жатыр, себебі жылыжай газының 70 пайызы инфрақұрылым құрылысы мен оны ұстап тұру кезінде бөлініп жатыр.
To continue reading, register now.
Subscribe now for unlimited access to everything PS has to offer.
Subscribe
As a registered user, you can enjoy more PS content every month – for free.
Register
Already have an account? Log in