stiglitz262_JOHANNES EISELEAFPGetty Images_stock market Johannes Eisele/AFP/Getty Images

Акционерок капитализм шынымен қайтып оралды ма?

НЬЮ-ЙОРК – Қырық жылдан бері АҚШ-та корпорациялар акционердің құнын арттыруы керек деген доктрина үстем болды, оның мәні – жұмысшыға, тұтынушыға, жеткізушіге және қоғамға қандай салдары болғанына қарамастан, дәл қазір табыс тауып, акция бағасын өсіру. Сөйтіп, өткен айдың басында АҚШ-тағы ірі компаниялардың басын қосатын  Business Roundtable мүшелерінің барлығы дерлік қол қойған стейкхолдер капитализмі туралы мәлімдеме нағыз қарбалас тудырды. Америкадағы ең ықпалды корпорациялардың атқарушы директорлары америкалықтарға және күллі әлемге “бизнес деген – жай пайда табудан маңызды нәрсе” деп отыр. Бұл – тым батыл мәлімдеме. Солай ма?

Еркін нарық идеологы, Нобель сыйлығын алған экономист Милтон Фридман акционердің маңызы туралы доктринаны таратып қана қоймай, оны АҚШ заңдарына енгізген ықпалды кісі. Ол тіпті “бизнестің жалғыз ғана әлеуметтік жауапкершілігі бар, ол – ресурстарын қолдана отырып, өз табысын арттыруға бағытталған әрекетті жүзеге асыру”.

Фридман осы идеяларын жариялап, онысы ел ішінде таралып, тіпті лайықты экономикалық теорияларға сүйене отырып, корпоративтік басқару туралы заңдарға енгізілген соң қызық басталды. Сэнди Гроссман және мен 1970 жылдардың соңында шыққан мақалаларымызды акционерлік капитализм қоғамның әл-ауқатын арттырмайды дегенді айта бастадық.

https://prosyn.org/roc9dE2kk