frydman20_Glen StubbeStar Tribune via Getty Images_mikepencecoronavirus3M Glen Stubbe/Star Tribune via Getty Images

АҚШ-тағы пандемияға қарсы күрес стратегиясын қайта қарастыру

НЬЮ-ЙОРК – АҚШ-тағы коронавирусқа қарсы стратегияны, нақтырақ айтсақ сол стратегияның жоқтығын сынға алу оңай іс. Жоққа шығару, уақытты шегеру, ішкі саяси келеңсіздіктер, жүйедегі қателіктердің барлығы АҚШ-тағы 100 000 адамның өліміне әкеп соғып, әлеуметтік және экономикалық дағдарысты тереңдете түсті. Наурыз айынан бастап 40 млн жұмысшы, яғни әрбір төртінші адам жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақыға өтініш берген. Ал енді АҚШ азаматтарына мемлекеттерінің мүлдем дайын еместігіне қарамастан «қалыпты» өмірге қайта оралулары керек деп айтып жатыр.

АҚШ-тың пандемияға қарсы әрекеттеріндегі қателіктер тек қана ішкі гипер-партияллық саясатқа байланысты емес. Америкалық апаттың тамыры тереңде жатыр.

Анығын айтсақ, кінәнің көбі партиядан: республикашылдардың оппозициясына қарамастан демократтар жұмыссыздар, кедейлер, ауру адамдар, сондай-ақ, қоғамның өзге де әлсіз тобын тікелей қолдау арқылы құрылымы ескірген АҚШ-тың әлеуметтік қорғау жүйесін жаңартпақшы. Дегенмен демократтар да АҚШ үкіметінің нарық өздігінен өндіріп, тасымалдау қызметін жүргізе алмайтын жеке меншік сектордың әлеуметтік қажетті тауар мен қызмет көрсету жұмысын басқару мен төлемақы жасауға шақырудан бас тартты.

https://prosyn.org/cMOVvmZkk