campanella16_gilaxia_getty Images_factory worker gilaxia/Getty Images

Цифрлық революциядағы үнсіз көпшілік

МИЛАН – Статистика ащы шындықты айтады. Бізге инновация бұрын болмаған қарқынмен жүріп жатыр дейді, ал Төртінші индустриялық революциядан келіп жатқан мәліметтер мұнда революциядан басқаның бәрі бар дейді. Экономикасы дамыған елдерде өнімділік өсімі соңғы 50 жылдағы ең баяу деңгейде.

Бұл “өнімділік парадоксі” серпінді технологияны енгізгеннен кейінгі өлшеу проблемалары мен іркілістердің кесірінен болды. Бірақ бұған технологиялық трендтер туралы қоғамдық пікірталаста осы трендтерді жүзеге асырып жатқан компаниялар мен бизнес өкілдерінің үстемдік етуі де себеп болған сияқты. Ал технологиялық өзгерістерге бейімделуге (не оған белсене қарсы тұруға) күш салып жатқан компаниялардың басым көпшілігінің дауысын естіп жатқан ешкім жоқ.

Осындай толық қамтылмауды мойындау цифрлық революцияның мәліметтерден неге көрініс таппай жатқанын және оның әлі де тоқтап қалатынын түсінуге жәрдемдеседі. Қарапайым тілмен айтсақ, шулы әңгіме біржақты жалпылауға көбірек сүйенеді. Қоғамның түсінігінде жасанды интеллект (ЖИ), машиналық үйрету, Big Data, гуманоид робот арқылы  жасалған сауда-саттық көбіне аз ғана компанияға тиесілі. Бұл компаниялардың даму және бейімделу деңгейімен салыстырсақ, оларда бұл технологиялардың дамуына өте аз көңіл бөлінеді. Дъюк университетінен Дэн Эрили 2013 жылы әзілдегеніндей, “Big data жасөспірім кездегі жыныстық қатынас сияқты: ол туралы жұрттың бәрі сөз етеді, бірақ шын мәнінде қалай істеу керектігін білмейді, жұрттың бәрі маңайындағылар онымен айналысып жүр деп ойлайды, сондықтан барлығы онымен айналысып жүрміз деп өтірік айтады”.

https://prosyn.org/bOfRtFKkk