medish1_DIMITAR DILKOFFAFP via Getty Images_ukrainewar Dimitar Dilkoff/AFP via Getty Images

Украинадағы қырғынды қалай тоқтатуға болады?

ВАШИНГТОН – Көз алдымызда жаңа Герника картинасы салынып жатыр. Қанды туындының авторы – Украинаны жермен-жексен етуді көздеген Ресей президенті Владимир Путин. Ресейдің Украинаға жабайы түрде басып кіруі Путиннің орыстар, украиндар мен беларустар бірлігі туралы дәрістерінде жылдар бойы қайталанған өркениет құндылықтарын жоққа шығарып отыр. 

Путиннің әрекеті әлем тарихындағы ең сорақы тонаушыларды еске салып, Ресей президенті қорғап отырған «орыс идеясының» атына кір келтіреді. Украинаның көне қаласы Киев Иерусалим сияқты әртүрлі мәдениет тоғысқан қасиетті мекен саналады. Православия дінін немесе адамзат өркениетіндегі ең тамаша дүниелерді құрметтейтін әр адам бұл қалаға залалын тигізбей, қорғауы керек. 

НАТО-ның қатары кеңейеді дегенге күмәнім бар. Бірақ Путиннің Ресейге қауіп төндірмеген бейбіт елге қарсы бастаған агрессивті соғысын ақтап алу мүмкін емес. Ресейдің батыс клубтарынан шет қалғаны үшін наразы болатын жөні жоқ.

https://prosyn.org/iZriqeYkk