ЛОНДОН – COVID-19 індетінің экономикаға қалай әсер еткеніне толық баға беру үшін уақыт керек. Дегенмен пандемия зардабының кейбір тұсы бүгінде айқын, оған дәлел ретінде әлемдегі жұмыс күші дағдарысының басталуын айтуға болады. Климат өзгерісінің де дәл осылай әлемдегі жұмысшылардың әлсіз тобына тигізер зардабы көп екенін ескерсек, әділет пен тұрақтылыққа негізделген дағдарысқа қарсы кешендік әрекет ету қажеттілігін бағамдау қиынға соғады.
Сандармен берілген статистика адам шошытарлық. Халықаралық еңбек ұйымының ескертуінше, экономиканың бейресми секторында 1,6 млрд жұмысшы бар. Яғни, әлемдік жұмыс күшінің тең жартысы дерлігіне «өмір сүруге қажет қаржы таба алмай қалу қаупі төніп тұр». Африка одағының хабарлауынша, бір Африканың өзінде экономиканың ресми және бейресми секторындағы 20 млн-ға жуық жұмыс орны жабылудың аз-ақ алдында. New York Times-тың бағалауына сәйкес АҚШ-тағы жұмыссыздықтың ресми деңгейі 13,3%-ды құрайды және ол бұған дейін соғыстан соң болатын рецессия көрсеткішінен асып түсті. Ал шын мәнісіндегі жұмыссыздық 27%-ға жақындап қалды.
Әлбетте, барлық мемлекет COVID-19 індетінің кесірінен туындайтын қиындықтардан жұмысшыларын қорғау үшін күш салуы керек. Бірақ қажетті шаралар қазіргі дағдарыспен салыстырғанда экономика мен жұмысшыларды күшті етуге бағытталса, әр мемлекет билігі 2015 жылғы климат жөніндегі Париж келісімінде қарастырылатын мақсаттар мен жоспарда көрсетілген «әділетті өзгеріс» идеясын да дамытуы керек. Бұл дегеніміз жай ғана тұрақты даму моделіне өту ғана емес, аталған процесс барысында жұмысшылардың құқығы мен өмір сүруге қажет қаржыны қорғау болып табылады.
Әдетте тұрақты даму саласындағы прогресстің экономикалық өсу мен жұмыспен қамту үрдісіне зардабы тиіп жатады. Ластанған сектор жұмысшылары климатқа байланысты мақсаттарды жүзеге асыру «активтерді бұғаттап» қана қоймай, «қызметкер санын да бұғаттайды» деп қорқады. Олардың қорқынышына себеп жоқ емес. Ұлыбританияның бұрынғы шахтер қалалары мен ауылдарында ХХ ғасыр соңында құлдыраған көмір өндірісі әлі күнге дейін аяққа тұрмады.
Дегенмен мәселенің бұдан өзге шешімі жоқ деуге келмейді. Қайта қалпына келетін энергия жөніндегі халықаралық агенттіктердің болжамы бойынша, қайта қалпына келетін энергия көздеріне инвестиция құю артқан сайын әлемдегі аталаған секторда жұмыс істейтін адамдардың саны 2050 жылы 42 млн-ға жетуі мүмкін (қазіргі деңгейден төрт есе көп). Энергиялық тиімділікті арттыруға бағытталған қосымша шаралар 21 млн жұмыс орнын, ал жүйе икемділігіне байланысты шаралар тағы да 15 млн жұмыс орнын қалыптастыра алады. Қысқаша айтсақ, жасыл экономикаға құйылатын инвестиция көлемі жеткілікті болса, жұмыс орындары сақталады.
Жұмысшылардың өмір сүру сапасын жақсартуға екі тараптан келісілген әрекет керек. Және ондай әрекет бос жұмыс орнының жақсы екендігіне, жұмысшылардың басқа саладан (мысалы, қазба отын түрлеріне байланысты) ауысып келуі жеңіл өтетіндігіне кепілдік беруі қажет. Аталған мақсатқа қол жеткізудің жалғыз жолы – мәселені шешудің кешенді тәсілін қарастыру. Яғни, билік, компаниялар мен кәсіподақ ұйымдары, инвесторлар климатқа байланысты бастамалардың жұмысшы қажеттілігін қамтамасыз етуі үшін бірлесе отырып жұмыс істеуі керек.
At a time when democracy is under threat, there is an urgent need for incisive, informed analysis of the issues and questions driving the news – just what PS has always provided. Subscribe now and save $50 on a new subscription.
Subscribe Now
Соңғы жылдары экология, әлеумет және басқарма аспектілері туралы іскерлік, инвестициялық және саяси орталарда жиі айтылып жүр. Дегенмен көп жағдайда ұзақ мерзімді әрекеттің жоғарыда аталған аса маңызды аспектілері бір-бірінен өзара бөлек қарастырылып жатады.
Бұл дұрыс емес. Басқаруға келмейтін климат өзгерісі экономика мен жұмысшыларға өте үлкен қауіп төндіріп, табиғи апаттардың артуы мен пандемияның таралуына жол ашады. Сондай-ақ, адам капиталының сапасын арттыруға, жұмысшылардың жағдайын жасауға мүмкіндік бермейді. Жұмыссыздықтың артуы, теңсіздік пен құлдырау жағдайында тұрақты экономика құру және оған салынған ұзақ мерзімді инвестицияның қайтарымын жасау мүмкін емес.
Мұндай нәтижеге тап болмас үшін акционерлермен бірлесіп әрекет ету керек. Осылайша компанияларды «әділетті өзгеріс» стратегиясын жүзеге асыруға ғана емес, қоғам алдында ақпарат ашықтығын сақтауға итермелеуге болады. Candriam фирмасы (мақала авторының бірі Абу-Жауде фирманың бас директоры болып табылады) іске асырып жатқан бірлесіп әрекет ету бастамасының 2/3 бөлігі «әділетті өзгерістің» негізі саналатын: энергияның жаңа көздерін игеру, әділ еңбек шарты мен іскерлік этикаға тікелей қатысы бар.
Сонымен қатар, инвесторлар компаниялардың капитал жұмсау ісін қолдап отырғаны абзал. Мысалы, қоғамдастықтағы әртараптандыру мен жаңашаландыру процестерін қолдауды облигация шығару, жаңа ұрпақ инвестициясы арқылы жүзеге асыруы қажет. «Әділетті өзгеріс» саяси дұрыс шешімдердің негізінде жүзеге асатынын қамтамасыз ету үшін инвесторлар мен компаниялар билікпен серіктес болуы қажет. Яғни, мәселе COVID-19 індетінен кейін қайта қалпына келу жоспары төңірегінде ынталандырушы қорлардың көмегімен болашақ таза, инклюзивті экономика құруға ғана бағытталмауы керек.
Біздің қоғамдастықтар, оның ішінде билік, мемлекеттік органдар, инвесторлар мен компаниялар дәл бүгінгідей тұрақты дамуға ешқашан қызықпаған. БҰҰ-ның тұрақты даму саласына байланысты мақсатты жүзеге асыруға талпынатын әлем мемлекеттері ғана емес, 157 елдегі 11 000 компания да оған қатысты міндеттемелерді өз мойнына алды.
Бірақ бұл – алғашқы қадам ғана; қатысушылар қазір климатқа байланысты міндеттемелерді орындауы керек және әлеуеметтік императивке тосқауыл қоймай, керісінше оның дамуына үлес қосып жатқандарына көз жеткізуі керек. Сайып келгенде мұның барлығы тек этикалық таңдау емес, бұл – болашақ экономика қарқынын қалыптастырудың үздік тәсілі. Экологиялық және әлеуметтік императивтерді экономикалық саясат, бизнес модельге кіріктіру арқылы ұзақ мерзімді даму мен гүлденуге, сондай-ақ, алдағы уақытта туындайтын келеңсіздіктерге тойтарыс бере алатын тұрақтылыққа қол жеткізе аламыз.
To have unlimited access to our content including in-depth commentaries, book reviews, exclusive interviews, PS OnPoint and PS The Big Picture, please subscribe
Jimmy Carter suffered from the fate of many one-term presidents, who by being defeated are judged to have been unsuccessful. But Carter accomplished more in four years – from the handover of the Panama Canal to the Camp David Peace Accords – than many presidents do in eight.
thinks Jimmy Carter's presidency merits much greater appreciation than it has received.
Among the major issues that will dominate attention in the next 12 months are the future of multilateralism, the ongoing wars in Ukraine and the Middle East, and the threats to global stability posed by geopolitical rivalries and Donald Trump’s second presidency. Advances in artificial intelligence, if regulated effectively, offer a glimmer of hope.
asked PS contributors to identify the national and global trends to look out for in the coming year.
ЛОНДОН – COVID-19 індетінің экономикаға қалай әсер еткеніне толық баға беру үшін уақыт керек. Дегенмен пандемия зардабының кейбір тұсы бүгінде айқын, оған дәлел ретінде әлемдегі жұмыс күші дағдарысының басталуын айтуға болады. Климат өзгерісінің де дәл осылай әлемдегі жұмысшылардың әлсіз тобына тигізер зардабы көп екенін ескерсек, әділет пен тұрақтылыққа негізделген дағдарысқа қарсы кешендік әрекет ету қажеттілігін бағамдау қиынға соғады.
Сандармен берілген статистика адам шошытарлық. Халықаралық еңбек ұйымының ескертуінше, экономиканың бейресми секторында 1,6 млрд жұмысшы бар. Яғни, әлемдік жұмыс күшінің тең жартысы дерлігіне «өмір сүруге қажет қаржы таба алмай қалу қаупі төніп тұр». Африка одағының хабарлауынша, бір Африканың өзінде экономиканың ресми және бейресми секторындағы 20 млн-ға жуық жұмыс орны жабылудың аз-ақ алдында. New York Times-тың бағалауына сәйкес АҚШ-тағы жұмыссыздықтың ресми деңгейі 13,3%-ды құрайды және ол бұған дейін соғыстан соң болатын рецессия көрсеткішінен асып түсті. Ал шын мәнісіндегі жұмыссыздық 27%-ға жақындап қалды.
Әлбетте, барлық мемлекет COVID-19 індетінің кесірінен туындайтын қиындықтардан жұмысшыларын қорғау үшін күш салуы керек. Бірақ қажетті шаралар қазіргі дағдарыспен салыстырғанда экономика мен жұмысшыларды күшті етуге бағытталса, әр мемлекет билігі 2015 жылғы климат жөніндегі Париж келісімінде қарастырылатын мақсаттар мен жоспарда көрсетілген «әділетті өзгеріс» идеясын да дамытуы керек. Бұл дегеніміз жай ғана тұрақты даму моделіне өту ғана емес, аталған процесс барысында жұмысшылардың құқығы мен өмір сүруге қажет қаржыны қорғау болып табылады.
Әдетте тұрақты даму саласындағы прогресстің экономикалық өсу мен жұмыспен қамту үрдісіне зардабы тиіп жатады. Ластанған сектор жұмысшылары климатқа байланысты мақсаттарды жүзеге асыру «активтерді бұғаттап» қана қоймай, «қызметкер санын да бұғаттайды» деп қорқады. Олардың қорқынышына себеп жоқ емес. Ұлыбританияның бұрынғы шахтер қалалары мен ауылдарында ХХ ғасыр соңында құлдыраған көмір өндірісі әлі күнге дейін аяққа тұрмады.
Дегенмен мәселенің бұдан өзге шешімі жоқ деуге келмейді. Қайта қалпына келетін энергия жөніндегі халықаралық агенттіктердің болжамы бойынша, қайта қалпына келетін энергия көздеріне инвестиция құю артқан сайын әлемдегі аталаған секторда жұмыс істейтін адамдардың саны 2050 жылы 42 млн-ға жетуі мүмкін (қазіргі деңгейден төрт есе көп). Энергиялық тиімділікті арттыруға бағытталған қосымша шаралар 21 млн жұмыс орнын, ал жүйе икемділігіне байланысты шаралар тағы да 15 млн жұмыс орнын қалыптастыра алады. Қысқаша айтсақ, жасыл экономикаға құйылатын инвестиция көлемі жеткілікті болса, жұмыс орындары сақталады.
Жұмысшылардың өмір сүру сапасын жақсартуға екі тараптан келісілген әрекет керек. Және ондай әрекет бос жұмыс орнының жақсы екендігіне, жұмысшылардың басқа саладан (мысалы, қазба отын түрлеріне байланысты) ауысып келуі жеңіл өтетіндігіне кепілдік беруі қажет. Аталған мақсатқа қол жеткізудің жалғыз жолы – мәселені шешудің кешенді тәсілін қарастыру. Яғни, билік, компаниялар мен кәсіподақ ұйымдары, инвесторлар климатқа байланысты бастамалардың жұмысшы қажеттілігін қамтамасыз етуі үшін бірлесе отырып жұмыс істеуі керек.
HOLIDAY SALE: PS for less than $0.7 per week