chernenko1_MikhailSvetlovGettyImages_putintalkingtoforeignminister Mikhail Svetlov/Getty Images

aРесейдің көпжақтылыққа көзқарасы қандай?

МӘСКЕУ – Ресейліктер “ережеге негізделген тәртіп” дегенді естігенде, олар әдетте: “Бұл ережені кім жазады?” деп сұрайды. Іс жүзінде Батыс қолдап жүрген көпжақтылыққа келгенде де Кремль дәл осы сұрақты қояды.

Ресейдің көзқарасына сәйкес, АҚШ қажет болса біржақты әрекет етуден тайынбайды, әрі әлемдік ережені бұзған да осы екі түрлі стандарт. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров халықаралық жиындарға барған сайын Американың халықаралық құқық ережелерін қасақана бұзғанын жалықпай айтумен келеді. Соның ішінде ол АҚШ-тың 1999 жылы Югославияны бомбалағанын, 2003 жылғы Иракқа шабуылын, 2011 жылы Ливияға әуеден шабуыл жасағанын еске салады. Сол әуе шабуылы Ливиядағы Муаммад Каддафи режимін құлатуға түрткі болды.

Өз әрекеттеріне құқықтық қолдау қажет болса, Америка Құрама Штаттары Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесі сияқты көпжақты ұйымдарға қолқа салады. Бірақ оның жоспары Ресей не басқа да вето құқығы бар елдің қарсылығына тап болса, Америка  күш қолданып, одақтастарын жұмылдыру сияқты қарапайым тәсілге жүгінеді.

https://prosyn.org/TzcplTQkk