overworked woman computer dragana991/Getty Images

Журналистикаға төнген бес қауіп

ОКСФОРД – АҚШ-та тұратын саудиялық журналист Жамал Хашогиидің аяусыз азапталып, өлтірілуі Саудияның крон-принці Мұхаммед бин Салманға жұрт назарын аударды, көпшілік журналисті өлтіруге сол тапсырма берген деп санайды. Бұл оқиға, сондай-ақ, журналист кәсібінің қаупін айғақтайды. Соңғы сандарды санағанда 2018 жыл әлемде журналистер үшін ең қауіпті жыл болып шығатын түрі бар.

Журналистерге физикалық шабуыл жасау тым өршіп кетсе де, әрі Хашоггидің өлтірілуі солардың ішіндегі ең жантүршіктірерлік оқиға болса да, бұл кәсіптің алдында тұрған қауіптің көбі – тұрмыстық. Соның ішінде бесеуі ерекше көзге түседі.

Біріншіден, жұмыс орындары азайып барады, бар жұмыстың өзінде жалақы аз, тұрақсыз әрі дамуға мүмкіндік жоқтың қасы. Мәселен, АҚШ-та он жылдан аз уақыт ішінде БАҚ-тағы жұмыс орындарының саны 25 пайызға азайған, оның үстіне соңғы жылдары ең мықты журналистика мектептеріне түскен студент саны да кеміген.

https://prosyn.org/0SbeZYjkk