davies69_Ben BirchallPA Images via Getty Images_cashless payments Ben Birchall/PA Images via Getty Images

COVID-19 қолма-қол ақшаны құрта ма?

ЛОНДОН – Халықаралық валюта қорының бұрынғы бас экономисі Кеннет Рогофф төрт жыл бұрын қағаз ақшадан этаптық түрде бас тартудың себебін ашып көрсеткен болатын. Ол өзінің «Қолма-қол ақша қарғысы» (The Curse of Cash) кітабында қағаз ақшаның көбі, әсіресе, деноминациясы жоғары банкноталар салық төлеуден бұлтару мен есірткі саудаcын жандандырады деп тұжырымдаған. 1999 жылы жүргізілген Британдық зерттеу бойынша, Лондонда тексерілген 500 банкнотаның тек төртеуінде ғана кокаин ізі кездеспеген.

Сонымен қатар, қолма-қол ақшаның қолданыста болуы ақша-несие саясатын жүргізуге кедергі келтіреді. Инвесторлардың 100 долларға  толы сейфті сақтау баламасы бар болса, орталық банктерге теріс пайыздық мөлшерлемені енгізу қиынға түседі. Басында бұндай ситуация түсініксіз көрінгенімен COVID-19 дағдарысы теріс мөлшерлемені бірнеше елдің саяси күн тәртібінде бірінші орынға қойды. Әзірге тек АҚШ-та ғана жағдай басқа.

Рогофф жазғандай, қолма-қол ақша – қағаз төлем жасау механизмі ретінде сырт қалып барады. Мысалы, Швецияда қағаз кронаның қолданыстан шығып қалуы әбден мүмкін. Swish мобильді төлемдер жүйесі шағын банкнотамен (тиын ақша) төлем жасауда айқын басымдыққа ие. Жақында Стокгольмде сыра сатып алғысы келетіндердің барлығы түсінген дүние – әмияныңыз тек қолма-қол ақшаға ғана толы болса, сыраханадан шөліңізді қандыра алмай шығасыз.

https://prosyn.org/zgsDWiwkk