africa farmer technology Billy Mutai/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Кофе, какао және озық технология

ВАШИНГТОН – Бір күні миллиондардың әр таңдағы қарапайым ритуалына айналған кофе ішу дәстүрі келмеске кетуі мүмкін. Жаңа зерттеу нәтижесіне қарасақ, орманның жойылуы кесірінен әлемдегі 124 жабайы кофе түрінің 60 пайызына жоғалу қаупі төніп тұр. Осы генетикалық әралуандықты жоғалтып алсақ, бұл кофенің өзгеріп жатқан климат пен түрлі аурулар қаупіне бейімделу мүмкіндігін азайтып жібермек.

Қауіп төніп тұрған – тек кофе емес. Орманның жойылуы какаоға және шоколадтың болашағына қатер төндіріп тұр. Орманның жойылуы Амазон алқабындағы какао тұқымдас жабайы өсімдіктерді жойып жатса, Батыс Африкада ол топырақты құнарсыздандырып, ауылшаруашылық өнімдерін өсіруді қиындатып жатыр. Топырақтың құнарсызданып, ескі ағаштардың қартаюы зиянкестер мен аурулардың таралу қаупін арттырып, онсыз да қиын күн кешіп жатқан әлемдегі кофе мен какао өндіруші шағын фермаларды өмірлік азығынан айыруда.

Әлемде 25 миллион кофе өндіруші мен 6 миллион какао фермері (және олардың отбасылары) бар екенін ескерсек, адами және табиғи ресурстар сарқылуының осы бір циклін тоқтату әрекеті проблеманың ауқымы мен салмағына сай келуі керек. Бағымызға қарай, озық технологияны ақылмен қолдану бұл мәселені қолға алуға мүмкіндік береді.

https://prosyn.org/3GlIHkKkk