ramberg19_JUNG YEON-JEAFP via Getty Images_north korea nuclear Jung Yeon-je/AFP via Getty Images

Солтүстік Кореямен ядролық ымыраға келу мүмкін бе?

ЛОС-АНДЖЕЛЕС – Солтүстік Корея жақында құрлықаралық және суасты кемелеріне орнатылған жаңа баллистикалық зымырандарын көрсеткеннен кейін АҚШ-тың құрлық бөлігіне Пхеньян тарапынан төнетін қауіпке қатысты алаңдаушылық күшейді. Президент Джо Байденнің әкімшілігі АҚШ-тың Корей Халық Демократиялық республикасына қатысты кейінгі төрт жылда жүргізіп келген саясатына көз жүгіртіп, Дональд Трамптың Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесуінен қандай сабақ алуға болатынын талқылап жатыр. Жаңа президент қарулану мәселесін бақылауға алудың жаңа әдісін қарастыруы керек.

Трамптың Солтүстік Кореямен ядролық келісімге келуде сәтсіздікке ұшырағанына таңғалуға болмайды. Өйткені оған дейінгі АҚШ президенттерінің Солтүстік Кореяның ядролық қару бағдарламасын тоқтату үшін жасаған іс-әрекеті, атап айтқанда, Билл Клинтонның «Келісілген шек», Барак Обаманың «Кібісе күн» келісімі, Джордж Буш әкімшілігінің алтыжақты келіссөзі де нәтиже бермеген. 2003 жылы Солтүстік Корея ядролық қаруды таратпау туралы келісімнен шығып, 1992 жылы Оңтүстік Кореямен жасалған Корей жартытүбегін ядролық қарудан тазарту туралы келісімнің шартын орындаған жоқ.

Нәтижесіз аяқталған дипломатиялық іс-қимылдардан кейін «Корей жартытүбегіндегі ядролық қаруды бақылауда ұстауға талпыныстың болашағы бар ма?» деген сұрақ туады.

https://prosyn.org/l2GHDdSkk