The employees in the lobby of the Office Building at Alibaba Wang He/Getty Images

Қытайдағы Силикон алқабының ұлғаюы

КЕМБРИДЖ – Болашақта Қытайда жасанды интеллект (ЖИ) бойынша Силикон алқабы болады. Xiaomi, Baidu, Didi Chuxing, Meituan және Toutiao сияқты технология компанияларының бас кеңселері Пекинде орналасқан. Қытайдың электронды коммерция алыбы Alibaba Ханчжоуда орын тепкен. Ал ЖИ-ға қыруар инвестиция салып жатқан мемлекетаралық конгломерат Tencent – Шэньчжэнде. Tencent-тің нарықтық капитализациясы General Electric-тен көп, ал Baidu-дың көлемі General Motors-тан үлкен.

Қытайдың ЖИ бойынша көш бастауға барлық мүмкіндігі бар, себебі ол жаңа технологияны жылдам меңгеріп жатыр. Үндістандағы миллиондаған тұтынушының сым телефондарды да, түймелі телефондарды да аттап өтіп, бірден смартфонға қол жеткізіп жатқаны сияқты Қытай тұтынушылары да жаңа технологияның түр-түрін тез меңгеріп жатыр. Мәселен, Қытайдағы сатып алушылар кредит картасын пайдаланбастан, бірден электронды төлем платформасына өтті. АҚШ-та Apple Pay күш алуға тырысып жатқанда Tencent күн сайын қолма-қол ақшасыз 600 миллион транзакция жасап отыр.

Tencent пен Қытайдың өзге де компанияларының орталықтандырылған платформалары оларға ЖИ-ді зерттеп, дамытуда артықшылық береді, соның арқасында олар аса ауқымды мәліметтерді жинап, мәшине үйренетін алгоритмдерді «оқытып» жатыр. Сонымен бірге, бұл платформаларда монополистік билік орнаған, бұл олардың болашақта ЖИ-ді монетизациялауына мүмкіндік береді.

Оның үстіне, Қытай компаниялары жеке өмірге қатысты қытайлардың мәдени нормаларының қызығын көріп отыр. Батыста жеке өмір деген – адамның өз жеке кеңістігіне, кеңірек ауқымда қарасақ, жеке мәліметтеріне деген құқығы. Жеке өмірдің бұл концепциясы жеке адамдар үшін де, бәлкім қоғам үшін де жақсы. Дегенмен, бұл – ЖИ-ді дамытумен айналысатындар үшін жаман, себебі олар өз алгоритмдерін оқытатын мәліметке қол жеткізуде қиындыққа ұшырайды.

Ал қытай мәдениетінде жеке өмір құпиялылықтың бір формасы ретінде қарастырылады. «Адал адамның халықтан жасырар ештеңесі болмауы керек» деген қағидаға сүйенген қытай тұтынушылары өз мәліметтерімен бөлісуге әзір тұрады. «Ақпаратты жасыру құқығын» енгізген Үндістанмен, «ұмытылу құқығы» нормасын жүйелендірген Еуропа одағымен салыстырғанда Қытайда жеке мәліметтерге қатысты қандай да бір салмақты пікірталас болған жоқ.

Бұл Қытайдың технология компанияларының қолайына жағады. Қытайдағы құқықтық нормалар технология компанияларының тұтынушылардың түрлі мәліметтерін Alibabа-ның Sesame Credit жүйесіндегі қоғамдық санақ жүргізу сияқты түрлі мақсаттар үшін жинауына мүмкіндік береді.

HOLIDAY SALE: PS for less than $0.7 per week
PS_Sales_Holiday2024_1333x1000

HOLIDAY SALE: PS for less than $0.7 per week

At a time when democracy is under threat, there is an urgent need for incisive, informed analysis of the issues and questions driving the news – just what PS has always provided. Subscribe now and save $50 on a new subscription.

Subscribe Now

Дегенмен, ел ішінде де, сыртта да қаржыландыру және инвестиция мүмкіндіктерінің шектеулілігі Қытайдың ЖИ-ге қатысты салаларда қарқын алуын баяулатуы мүмкін. Қытай салымшылары ақшасын Қытай банктеріне салуға мүлде құлықсыз, себебі инфляция деңгейі депозиттің пайыздық түсімінен асып кетеді. Оның үстіне Қытайдағы тұтыну бағасының құбылмалылығын ескерсек, жұрттың көбі жинаған ақшасын көп сақтай алмайды.

Бұған қоса, Shanghai Stock Exchange Composite Index-ке инвестиция салудың да еш қисыны жоқ, себебі әдетте экономикалық өсім көрсеткіштері акциялар нарығындағы өсімнен жоғары. Және инвесторлар нарықтағы толқулардың кесірінен үкімет интервенция жасап, оның соңы бағаның құлдырауына және сауданың бірнеше рет тоқтауына алып келген 2015 жылғы оқиғаның қайталануынан үрейленеді. Үкімет бағаны тұрақтандыра алды, бірақ бұл үшін олар брокерлерді қосымша ынталандырып, қысқа мерзімдік сатылымға, акцияны шекті бағадан қымбатқа сатуға тыйым салды.

Үшінші проблема – үй бағасының тұрақты түрде қымбаттауы тәуекелді активтерге инвестиция салудың тәуекелін одан сайын арттырып жіберді. Қытай Халық банкінің басшысы Чжоу Сяочуань «Мински сәті» тууы мүмкін деп қауіп етеді, яғни ипотека қарыздарының артуы актив бағаларының күрт құлдырауына алып келуі мүмкін. 

Соңғы проблема – Қытай компанияларының шетелге инвестиция салуда қолы қысқа. Қытай үкіметінің капиталды бақылау әрекеті өз алдына, АҚШ үкіметі ЖИ және мәшинелік оқу сияқты стратегиялық маңызды салаларға Қытай инвестициясының келуіне қатаң шек қою мүмкіндігін қарастырып жатыр. Мәселен, жақында АҚШ-тың реттеушілері ұлттық қауіпсіздікті алға тартып, Alibaba-ның MoneyGram-ды сатып алуына тыйым салды.

Қытай бастаған ЖИ революциясы мүмкіндіктер де әкеледі, мәселелері де жоқ емес. Батыстың көзқарасы тұрғысынан қарасақ, бұл әлемдегі ең динамикалық экономикамен ынтымақтастыққа жол ашады. Және бұл Қытайды ережеге негізделген халықаралық тәртіпті терең түсінуге итермелейді.

Дегенмен, соған қарамастан, Қытайдың ЖИ бойынша көш бастауы Қытай компаниялары мен шетелдік реттеушілер арасында қақтығыстарды көбейтіп жіберуі мүмкін. Қытайдың технология алпауыттары халықаралық деңгейде ұлғайып барады, олардың мәліметтерді жинау және жеке өмір құпиясына қатысты ұстанымы басқа елдерді дилеммаға тірейді. Мұндағы басты түйткіл – олар Қытай инвестициясы мен инновациясынан айырылып қалмастан, иллиберал мемлекетпен бизнес жасасудың бар тәуекелін мойындарына алады.

Мэрион Лабур – Люксембург Орталық банкінің, Еурокомиссияның және Barclays-тың бұрынғы экономисі, Гарвард университеті Экономика департаментінің қызметкері.

https://prosyn.org/bDiouhpkk