borchardt7_GettyImages_cloudquestionscomputerhand Getty Images

БАҚ деген сенімді қалай қалпына келтіру керек және қандай қателіктерге жол бермеу қажет.

OXFORD – Көптеген салаларда баға, бренд және сараптамалар сияқты өлшемдер арқылы өнім сапасын анықтау оңай. Бірақ журналистикада, талғампаз қасиеттер неғұрлым күрделі болып келеді, маңызды себептері ретінде сандық дәуірде, ертеде қалыптасқан журналистік стандарттарды ұстанатын BBC немесе The New York Times сияқты сенімді брендтер жарияланымдардың, блогтардың және қоғамдық өмірге қатысы сараптамаларының саны бойынша айтарлықтай дәрежеде басқалардан асып түсетіндігін айтуға болады.

Сондықтан, соңғы жылдары "жалған жаңалықтар" туралы түрлі жағымсыз пікірлердің таралуына байланысты бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенім күрт төмендеуі таң қаларлық жағдай емес. Reuters Институтының  2017 жылғы Сандық жаңалықтар туралы есебінің декректері бойынша жаңалықтарды үнемі оқитындар оны айтарлықтай скептицизммен жасайды. Пайдаланушылардың шамамен 50% өздері бақылағысы келетін медиа-брендтерге сенеді; өздері бақыламайтын басқа да ақпарат таратушыларға сенім әлдеқайда төмен. БАҚ-ның өте көп нұсқалары мен оларға деген өте төмен сенім әсерінен адамдардың үштен бір бөлігі жаңалықтарды бақылап тұруды тоқтатты.

Бірақ жаңалық журналистикасы жай ғана шығын емес. Бұл азаматтарға билік тарапынан қабылданған шешімдерден хабардар болуға мүмкіндік беретін және билікте жүрген адамдарды жауапкершілікке тартуға көмектесетін маңызды қоғамдық игілік. Ол бұл функцияны сапалы өнім болса ғана орындай алады – және адамдар мұны біледі. Алайда, мұндай өнімді жеткізу оңай міндет емес.

https://prosyn.org/EtFNShVkk