mbs g20 Nicolas Asfouri - Pool/Getty Images

Хашоггиді өлтірткендер жазасыз қалмауы тиіс

АМСТЕРДАМ – Саудия журналисі Жамал Хашоггиді алдын ала жоспарлап, қатыгездікпен өлтіру оқиғасы жан түршіктіреді. Біріншіден, қылмыс болған жерге мән беріңіз: қараңғы қалтарыс емес, өз елінің консулдығы. Екіншіден, қылмысты жасады деп айыпталған 15 адамға қараңыз: арасында кезінде Австралияда жұмыс істеген сот-медицина сарапшысы (сүйек кесетін араны сол алып келген деседі) мен Хашоггидің “сыңары” бар, ол марқұмның (бәлкім әлі жылы болып жатқан) киімдерін киіп, артқы есіктен шығып кеткен.

Бірақ ең таңқалдырарлығы – саудиялықтар жазадан құтылып кететіндерін білген.

БҰҰ-ның басқа шаруалармен қоса әлемдегі журналистердің қауіпсіздігін насихаттаумен айналысатын ұйымы – ЮНЕСКО-ның жақында жариялаған есебіне сенсек, журналистерді өлтірген он адамның тоғызы жазадан құтылып кетеді екен. Жазасыздық нормаға айналғандықтан, Саудия басшылығы “тіпті қылмыс әшкере болса да, одан бізге келіп-кетер ештеңе жоқ” деп ойлаған тәрізді. Олардың мұнысы рас та. Сауд Арабиясындағы прокурорлар күдіктілердің бесеуіне өлім жазасын сұрап отыр, десе де әлемнің бұған реакциясы тым бәсең.

https://prosyn.org/U0hBC2gkk